Шымкентте » Қыс – 2021 «Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында бірнеше практикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған.Республикалық оқу-жаттығудың кіріспесіне сәйкес Шымкент қаласында коммуналдық-техникалық желілер мен темір жол көлігінде апаттар орын алды. Темір жол айрығында рельстің сынуынан бензин мен авиациялық керосині бар 28 цистернасы бар т/ж составы шығып кетті, жанар-жағар май төгіліп, соңынан өрт шығады, жолаушылар пойыздарының 6 сағаттан астам тоқтауымен зардап шеккендер бар. Оқу-жаттығу сценарийі бойынша станция бойынша кезекші маневрлік жұмыс кезінде 107 жолда жанар-жағар май төгіліп, кейіннен өрт шығып, 3 цистерна жолдан шыққаны туралы ақпарат алады. Т/ж станциясының басшылығы өрт поезын және ВП-39 қалпына келтіру поезын көтеру туралы шешім қабылдайды. Шымкент темір жол станциясының 105-тен 107-ге дейінгі барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, Нұр – Сұлтан-Сарыағаш бағытындағы №086 пойызы жолаушыларын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.Бірден қауіпті аймақ периметрдің айналасында қоршалды.Жоғары дәрежедегі шақырту бойынша Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдары келеді. Өрт сөндіру пойызы мен өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіруге кіріседі. Өрт 12.05 минутта ауыздықталып, 12.25 минутта толық сөндірілді.Сонымен қатар, Шымкент станциясының қалпына келтіру пойызының бригадасы ЖЖМ бар 3 цистернаның рельстен шығу салдарын жоюға кірісті. Үйлесімді жұмыс нәтижесінде барлық 3 пойыз рельстерге қойылды. ТЖ салдарын жою үшін ҚТЖ АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды: 70 адам, жолаушыларды эвакуациялауға арналған 7 бірлік техника және 4 арнайы техника, оның ішінде АЦ-40 автоцистернасы, 1 өрт пойызы және кран қондырғылары бар 2 бірлік техника.Өртті сөндіру үшін Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 15 адам және 4 бірлік техникасы тартылды. Практикалық іс-шара барысында «ҚТЖ» ҰК » АҚ бөлімшелері мен Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ЖЖМ төгілу кезіндегі өртті сөндіру барысындағы өзара іс-қимылы пысықталды.
Шымкент қаласының ТЖД