Ағымдағы жылдың 16-19-қараша аралығында ішкі істер органдарының үздік тергеушілері, анықтаушылары мен криминалистерінің слет-конкурсы өткізілді.Аталған слетқа Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі Жасұлан Қасымбекұлы Мырзагелдиев қатысқан.Осы салада тергеу және жедел-криминалистикалық қызметтеріндегі елеулі үлесі үшін, жоғары көрсеткіштерге жеткен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің үздік тергеушісі, анықтаушысы және криминалисі» байқауында жағымды нәтижелер көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің алғыс хатымен марапатталды.Сала қызметкерінің дәл осындай жетістігі оның алдағы уақытта да жұмысын қарқынды жалғастыруға сеп болмақ.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі