Түрістан облысы аумағында өтіп жатқан «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде салынған әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарып жүрген азаматтар анықталып, оларға әкімшілік шара қолданылуда. Сондай-ақ бұл қызметке жеке сот орындаушылары да жұмылдырылуда.Мәселен аталған шара аясында Кентау ҚПБ қызметкерлері 1 күн ішінде жол ережесін бұзған және соған байланысты салынған айыппұлды төлемеген 5 азаматты анықтады. Бұл ер азаматтардың автокөліктері айыптұраққа қойылды.Өз кезегінде полиция қызметкерлері қала тұрғындарына әкімшілік айыпұлды уақытында төлеу керектігін ескертеді. Сонымен қатар айыппұл төлеу мүмкіншілігі кеңейгендігі, яғни айыппұл сомаларын электронды порталдар арқылы тексеріп, ұялы телефонға жүктелген банк қосымшалары немесе интернет сайттары қызметімен төлеуге болатындығы туралы хабарлайды.
ТО ПД баспасөз қызметі