«Казгидромет» орталығының мәліметіне сәйкес, Шымкентте 25 қараша күні күндіз оңтүстік-батыстан күші 15-20, екпіні 23 м/с желдің күшеюі күтіледі. Мамандар тұрғындарға дауылды ескертуге байланысты сақтық шараларын сақтауға кеңес береді:- есік-терезелерді мықтап жабыңыз;- көршілерге қауіп туралы хабарлаңыз;- балкондардан (аулалардан) жел алып кетуі мүмкін заттарды жиыстырыңыз;- ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан, діңгектерден, тіректерден және электр сымдарынан аулақ болыңыз;- көліктерді ағаштардың, билбордтардың астына қоймаңыз.Төтенше жағдайға тап болсаңыз немесе көрсеңіз 112 немесе 109 нөміріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі