Жамбыл облысының Полиция департаментінде ІІО ардагерлері мен жеке құрамның қатысуымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
⁃ Тұңғыш Президент күні-үлкен тарихи маңызы бар бүкілхалықтық мереке. Бұл күн біздің әрқайсымыз мемлекетіміздің нығаюы мен дамуына зор үлес қосуымыз керек — деп атап өтті Жанат Сүлейменов.
Мерекеге орай қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны және кәсібилігі үшін бірқатар полиция қызметкерлері Құрмет грамоталарымен, төсбелгілермен, алғыс хаттармен марапатталды, бірнеше полицейлерге кезекті атақтар берілді.
Іс-шара барысында қатысушылар Тұңғыш Президент туралы фильм көрді.
ЖО ПД баспасөз қызметі