Сауран ауданында 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Дара тұлға — дана тұлға» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов және аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, зиялы қауым өкілдірі қатысты.Мерекелік шарада аймақ басшысы айтулы мерекемен аудан тұрғындарын құттықтады. Сондай-ақ, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, журналист Бекжігіт Сердәлі Елбасының өмір жолы мен еңбегі туралы мағлұматтар айтып, мерекенің маңыздылығына тоқталды.Іс-шара барысында әртүрлі еңбек салаларында тер төгіп жүрген сала өкілдері Алғыс хаттармен марапатталды. Шара соңы концертке ұласып, аудандық өнерпаздар көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі