Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандық журналистерді «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.Марапат иелерінің қатарында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан, «Южный Казахстан» газетінің бас редакторының орынбасары Ольга Смирнова, «Жанубий Қозоғистон» газетінің директор-бас редакторы Алишер Сатвалдиев, «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі Любовь Доброта, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының меншікті тілшісі Айнұр Ақбаева, «Turkistan media holding» ЖШС-нің бас директоры Ерлан Нұров бар. Сондай-ақ, «Түркістан» телеарнасының ұжымынан бас режиссер Жанна Үмбетоваға, ақпараттық сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры Гүлжазира Ғалиқызына, жаңалықтар қызметінің редакторы Нұрмахан Кенжеханға мерекелік медаль табысталды.Одан өзге, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнюра Мурзамадиева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Эльмира Жанғазиева, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бас маманы Мадина Камеденова мерекелік төсбелгілермен марапатталды.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі