Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Әбдіғали Жүнісов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатыстық.Бекітілген күн тәртібі бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы баяндады. Сессия жиынын қорытындылаған аудан басшысы депутаттық корпусты ел егемендігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтай келе, ауданымыздың экономикалық және әлеуметтік салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін аудандық мәслихат аппаратының бөлім меңгерушісі Ерман Дайрабаев пен депутат Төребек Дайрабаевты марапаттады.
Айдос Кулмаханов