«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында «Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау» тақырыбында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Оның жұмысына қаладағы ірі кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс саласына жауапты мамандары қатысты. Дөңгелек үстел Шымкент қ.ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Жәнібек Кәрімбаевтың басшылығымен өтті. Іс-шара барысында баяндамашы Нұржан Қаракөзев азаматтық қорғаныстың негізгі сұрақтарына тоқталып, тексеру парақшалары бойынша түсініктеме берді. Объектілердің өкілдері өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, мамандардан нұсқаулықтар мен кеңестер алды.
Шымкент қ.ТЖ департаменті