“Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында 5-20-19 бағыты арқылы тұрғын үй кезегіндегі азаматтар үшін конкурс жүргізілуде. Аталған бағдарлама аясында өтінімдер ағымдағы жылдың 06 желтоқсаннан бастап 2022 жылдың 05 қаңтар аралығында “otbasybank.kz” интернет порталында қабылдануда.Тұрғын үй кезегінде тұрған Отбасы банк салымшыларына алғашқы жарна пәтер құнының 20%-ы, несие жылдық 5%-бен беріледі. Азаматтардың депозиттік шотында пәтер бағасының 20%-ы болуы міндетті. Бағдарлама аясында берілетін несиелік пәтерлер Шымкент қаласы, Тұран-2 ықшам ауданында орналасқан. 1 шаршы метрінің бағасы — 180.000 мың теңгелік несиелік пәтерлердің жалпы саны — 432-і құрайды.Айта кету керек, Шымкент қаласында биыл “Бақытты отбасы” бағыты аясында 283 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде тұрғын үй кезегінде көпбалалы отбасы санатында тіркелгендер саны- 122, толық емес отбасы- 19, мүгедек бала асыраушы отбасы- 142. Ал “Шаңырақ” бағыты бойынша биыл тұрғын үй кезегінде тұрған 1728 азаматты қамту жоспарланып, қазіргі таңда 776 азамат сатып-алу сату келісім шартын жасасты.
Шымкент Тұрғын үй басқармасы