Шымкентте 10 қаңтардан бастап ХҚКО өз жұмысын қайта бастады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалы Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде техникалық іркілістер туындаған жағдайда азаматтардан түсіністікпен қарауды сұрайды.ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерге бағытталғандықтан автоХҚО жұмысы тоқтатылған. Қалалық ХҚО-лар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. Сенбі мен жексенбі күндері демалыс. Эпидахуалға байланысты ХҚО-ға барған кезде әлеуметтік қашықтықты сақтауды және медициналық бетперде киюді сұраймыз. Ashyq қосымшасы арқылы ХҚО ғимаратына «қауіпсіз» мәртебесі бар азаматтарға рұқсат етіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі