Түркістан ҚПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы 2021 жылдың қазан айында кәсіпкерлікке қолдау көрсету мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз 580 000 теңге ақша шығарып беремін деп сеніміне кірген. Содан оған жәбірленуші 100 000 теңге берген. Ал, танысы болса ақша алғаннан кейін жасырынып, уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған. Аталған жайт Түркістан ҚПБ-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша тіркелді.Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке-басын анықтап, оны АПБ-ға жеткізді. Ол жұмыссыз, алаяқтық бойынша сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған жас жігіттің жоғарыдағы жәбірленушіден бөлек, тағы да 4 тұрғынды алдап, оларға 600 000 теңге шығын келтіргенін анықтады. Алаяқ жігіт алдау жолымен алған ақшаларды өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша Қылмыстық Кодекстің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқ азаматтың бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда сізге «102» телефоны арқылы полицияға тез арада хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі