Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекенінің тұрғыны ағымдағы жылдың 23 қаңтары күні «112» қызметіне қоңырау шалған. Мәлім болғанындай, жеке үйдің ауласындағы әжетханаға 6 жасар бала құлап кеткен. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД-ң 5 құтқарушысы және жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері көмекке шыққан. Құтқарушылар 4 метр тереңдікке құлап кеткен баланы сағат 14:14-те арқан арқылы тартып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Баланың жағдайы бір қалыпты зардап шекпеген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі