Astana Hub резиденттері кәсіпкерлердің жаһандық форумына қатысады

Қазақстандық FocusED now стартабы Дубай көрме павильонында (БАӘ) 28-30 наурыз аралығында өтетін WEIF (World Entrepreneurs Investment Forum) жаһандық кәсіпкерлік инвестициялық форумына шақыруға ие болды. FocusED now WEIF форумында Қазақстанның ресми өкілдері ретінде қатысады. Іс-шараға қатысудан басқа, ұйымдастырушылар FocusED now командасының БАӘ-ге келуіне байланысты барлық шығындарын өтейді.

FocusED now – ата-аналарға баланың үй тапсырмасын орындауға көмектесуге және студенттерді қашықтықтан оқытудың тартымды құралдарымен ынталандыруға бағытталған виртуалды сыныбы бар платформа.

WEIF 2022 кәсіпкерлердің жаһандық инвестициялық форумы COVID-19-дан кейін кәсіпкерлік, инновация және инвестиция арқылы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу тақырыбын ашуға бағытталған.

Форумның ұйымдастырушылары – Біріккен Ұлттар Ұйымының Индустриалды даму ұйымы (ЮНИДО), Араб мемлекеттері лигасы, Ислам ынтымақтастығы жастар форумы, Араб халықаралық кәсіпкерлік және инвестиция орталығы, Бахрейннің Сауда-өнеркәсіп палатасы.

Еске салайық, бүгінде FocusED now командасы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы мектептерде пилоттық жобаларды сәтті іске асырып,беделді Jas Talents, Unicorn Pitches Kazakhstan және Тәуелсіздік ұрпақтары байқауларының финалисі болып табылады.

Алтынгүл Жанабай