«Densaulyq»  кәсіподағы ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерге құрмет көрсетті

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің   жергілікті  кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен
Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлерді құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Кәсіподақ бастамасымен Түркістан облысы медицина ұйымдарынан 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне Ауғаныстан жерінде интернационалдық борышын атқарған ардагерлердің тізімін жасақталды. Осыған сәйкес 14 медициналық мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 20 ардагер кәсіподақ мүшесі анықталды. Жылдар өткенімен ардагерлеріміздің ерлігі ел есінде сақтаулы. Осыған орай кәсіподақ атынан ардагерлерге құрмет көрсетілді.

Оқ пен оттың арасында ерлік еткендердің бірі- Ленгір қалалық емханасының бас дәрігері Алимбаев Ерғали. Қан майданда қызмет еткен ардагер жауынгерді «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің   жергілікті  кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қатбаев Сакен арнайы құттықтап барды.

Салтанатты шара кезінде Сакен Арыстанұлы  емханадағы қызметкерлерді  мерекемен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Мұнан кейін кәсіподақ атынан Ергали Садуақасұлына кәсіподақ атынан  алғыс хат және бағалы сыйлық табыс етілді.

Жалпы мереке қарсаңында 20 ардагер  «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің   жергілікті  кәсіподағы»  қоғамдық бірлестігі атынан марапатталып, түрлі сыйлықтарға ие болды.

Шымкент қаласы денсаулық басқармасы