Fingramota.kz -Қазақстандағы кең аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша жалғыз сенімді және ресми дереккөз болып табылады

Бұл туралы бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Шымкент қаласының өңірлік өкілдер басқармасы басшысы Әбілғазы Қалназаров айтты.

Агенттік қаржылық өнімдер мен қызметтер туралы тұтынушылардың қамтылуын және хабардар болуын арттыру үшін, сонымен қатар халықтың қаржылық өнімдер мен қызметтері туралы хабардар болуын қамтамасыз ету үшін цифрлық коммуникация арналарын пайдаланады.

Атап айтқанда, интернет-портал Fingramota.kz -Қазақстандағы кең аудитория үшін қаржылық сауаттылық бойынша жалғыз сенімді және ресми дереккөз болып табылады. 2020 жылдан бастап – 2023 жылғы 1 қарашаға дейін интернет-порталда Fingramota.kz 1,6 мың бірегей және эксклюзивті материалдар жарияланған.

Сонымен қатар қаржылық сауаттылық материалдарын тарату мақсатында әлеуметтік медиа ресурстары кеңінен пайдаланылады. Атап айтқанда, Facebook, Instagram, Telegram. Одан бөлек, Fingramota ресми аккаунттарында 3,2 млн астам қаралымды қамтитын 5,6 мың пост орналастырылды.

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі кезеңде барлығы 200 мың қаралымды қамтитын 152 тікелей эфир өткізілген.

Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және қаржы нарығын реттеу агенттік қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Осы басымдықты іске асыру мақсатында 2020 жылғы мамырда Үкіметтің қаулысымен халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың 2024 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды.

Тұжырымдама келесі негізгі бағыттарды қарастырады:

1) байланыс арналары, оның ішінде цифрлық арналар арқылы қаржылық өнімдер туралы тұтынушылардың хабардарлығын арттыру;

2) халықтың нысаналы топтарына қаржылық білім беруді арттыру;

3) қаржылық инклюзияны дамыту;

4) қаржылық сауаттылық деңгейін мониторингтеу және жыл сайынғы бағалау.

«Агенттік әрбір нысаналы топқа яғни балалар, жастар, ересек тұрғындарға нүктелік назар аудара отырып, қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бағдарламаларды әзірлеп, оқушыларға, студенттерге және ересек тұрғындарға қаржылық сауаттылық бойынша оқыту іс-шараларын өткізудің бірыңғай жоспары әзірленді.

Мемлекеттік органдармен бірлесе, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру саласында бірыңғай ақпараттық саясатты ұйымдастыру үшін

2022 — 2024 жылдар кезеңіне Қазақстан Республикасының барлық облыстары мен Республикалық маңызы бар қалаларында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру жөніндегі Медиа-жоспар іске асырылады»,-деді Әбілғазы Қалназаров.

Сондай-ақ, «Fingramotalline» мобильді қосымшасын пайдаланушылар 7/24 режимінде қызықтыратын мәселелер бойынша кеңес ала алады. «Fingramotalline» мобильді қосымшасы іске қосылған сәттен бастап мессенджерге азаматтардан 6,9 мың сұрақ келіп түскен және өңделген.

Азаматтар ұялы телефоннан «1459» қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы жедел түрде кеңес ала алатын Агенттіктің сall-орталығы. Call-орталықты іске қосқан сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін Агенттік қызметкерлері азаматтардың 39 мың қоңырауы бойынша кеңес берді.