«SmartCity» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда

             Түркістан облысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында «SmartCity» тұжырымдамасы жүзеге асуда. Осы мақсатта Отырар м/а 10 көп қабатты тұрғын үй таңдап алынып, E-SHANYRAQ жүйесіне интеграция жасалынды. Е-Шанырақ жүйесінің басты мақсаты: Шығындарды бекіту, қаржатты жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Осы жүйенің арқасында тұрғындар интернет арқылы есептеулер мен есеп айырысулардың дұрыстығын тексере алады, үй бойынша шығындармен табыстарды бақылай алады. ТКШ мәселелері бойынша онлайн түрде өтініштер де бере алады.

Облыста 17854 дана деректерді қашықтықтан таратумен электрмен жабдықтаудың жеке есептегіштері (ЭКЕАЖ) орнатылған және 291 жалпы үйлік жылу есептеуіштері орнатылған.

Түркістан облысы ТҚШ ЭжКШБ жоғарыда аталған есептеуіштердің берілген көрсеткіштерін E-SHANYRAQ жүйесіне қосу және беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінде аталмыш жобаға 216 үй қосылды. Олардың ішінде 79-ы КПТҮ есептеуіштер мәліметтері жүйеге қосылған. Атап айтқанда 1495 электрмен жабдықтау есептеуіштері (ЭКЕАЖ) қосылған, деректереді қосу бойынша іс-шаралар Кентау қаласында және Түркістан қаласында жалғасуда.

«Ақылды кварталдың» құрамдас бөлігі ретінде бүгінгі таңда азаматтар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласы Отырар шағын ауданында 8 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сондай-ақ күн панельдері бар фотореле датчиктері бар 76 дана көше жарығының көлемінде «ақылды жарықтандыру» компоненттерімен жабдықталды. Құрылғылар энергия шығыны бойынша шығындарды 30% — ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді жауаптылар.

Айта кетейік, облыс бойынша 700 көше күн панельдері жүйесінде фотореле датчиктері бар жарық шамдары орнатылды. Атап айтқанда:Кентау қаласы 62 дана,Түркістан қ. 76 дана, Түлкібас ауданы — 37 дана, Шардара ауданы-6 дана, Отырар ауданы-126 дана, Сарыағаш ауданы-399 дана.

Облыс бойынша механикалық таймер жүйесі бойынша 1294 ақылды көше ілгіштері орнатылды. Атап айтқанда: Арыс қаласы 272 дана, Бәйдібек ауданы 505 дана, Арыс қаласы 272 дана,Отырар ауданы 517 дана.

Мамандардың айтуынша аталмыш бағдарлама негізінде: Тұрғын үйлерде тұтынылатын энергия, жылу, суды және газды пайдалану тиімділігін 20-30% арттырылады. Комммуналдық тұтынуларды ұрлау фактілерін болдырмау және авариялық жағдайларды жылдам анықтау есебінен төмендетеді деп күтілуде. Сонымен қатар, обьектілерде орналасқан барлық жылу есептегіштер мен бақылаушылардан деректерді автоматты түрде жинауға да болады. Жылу энергиясын пайдалануды тиімді бақылау және жылу желілеріндегі шығындарды анықтау мүмкіндігі молаяды.

Ntime.kz