2026 жылғы 6 тамыз. Алматы, Қазақстан. Қазақстанда ресми сатылымға арналған Volkswagen автокөліктерінің алғашқы партиясы Volkswagen өндірістік алаңынан жөнелтілді. Бұл – бұған дейін Orbis Auto автомобильдер тобы мен Volkswagen China арасында жасалған келісімнің іс жүзіндегі алғашқы кезеңі.
Алғашқы жеткізілімге Volkswagen және JETTA брендтерінің түрлі сегменттегі автокөліктері енді. Олардың қатарында Volkswagen PASSAT седаны мен Volkswagen TAYRONкроссовері бар. Брендтердің Қазақстандағы ресми таныстырылымы аясында қазақстандық сатып алушыларға толық модельдік қатар алғаш рет ұсынылады.
«Алғашқы автокөліктер жолға шықты. Бұл бірнеше айға созылған дайындықтың жақын арада қазақстандық тұтынушылардың қолына жететін нақты өнімге айналған сәті. Біз сатылымды бір ғана модельден бастап, нарықты абайлап сынап көріп отырған жоқпыз. Алғашқы партияның өзі әртүрлі кластағы автокөліктерден құралған және толыққанды сатылымды бастауға арналған. Бұл біздің команда үшін маңызды белес әрі Volkswagen мен JETTA брендтерінің Қазақстандағы үлкен жолының бастауы», – деді Volkswagen-нің Қазақстандағы дистрибуция жөніндегі директоры Роман Кузьмин.
Қазақстанға жеткізілетін автокөліктер еліміздің климаттық және жол жағдайларын ескере отырып бейімделген. Бейімдеу жұмыстары күштік агрегаттар, электрондық жүйелерге, аспаға, шанақ пен астыңғы бөліктің қорғанысына, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз ету мен мультимедиа жүйесіне жүргізілді.
Volkswagen өндірістік алаңынан Қазақстанға дейінгі алғашқы автокөліктер партиясының жүріп өтетін жолы шамамен 3 500 шақырымды құрайды. Елге жеткізілгеннен кейін автокөліктер ресми дилерлік желіге жөнелтіліп, сатылым басталғанға дейінгі дайындықтан өтеді. Модельдік қатар, бағалар, жабдықталу нұсқалары және ресми дилерлік желі туралы толық ақпарат 2026 жылғы тамызда Volkswagen және JETTA брендтерінің Қазақстандағы ұлттық тұсаукесері барысында жарияланады.
