Білім саласы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бір бағыты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау болып табылады.

Осы орайда, сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппараттты қалыптастыру бағытында, Департаменттің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының Білім басқармасы және басқармаға қарасты білім беру мекемелері (бала-бақшалар, мектептер, колледжер), өңірдің жоғарғы оқу орындарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстары, қала тұрғындары мен қызмет алушыларға білім беру, балабақшалар, мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыту және т.б. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында салалық мекемелерге сұрақтарын қойып, консультативтік іс-шара форматында өткізілді.

Түсіндіру жұмыстарына Департаменттің өкілдері, Шымкент қаласының Білім басқармасының қызметкерлері, Білім басқармасына қарасты №68 «Балауса» бөбекжай-бақшасы, №122 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшалары, Шымкент қаласының Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, Шымкент қаласының ЖОО, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті, Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің мемлекеттік көрсетілетін қызметпен айналысатын мамандары қатысты. 

Түсіндіру жұмыстарын өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелерді түсіндіріп қана қоймай, олардың ақпараттық жүйелерде практикалық қолданылуын терең жеткізу. Сондай ақ, халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастарды қалыптастыру болып табылады.