Дендрологиялық саябақ жұмыскерлері марапатталды

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 180 жұмыскері бар Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-да бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекесімен құттықтап, ел экономикасының өсуі мен әлеуметтік жағдайының жақсаруына, кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар жұмыскерлерін филиалдың наградаларымен марапаттады.Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Дендрологиялық саябақтың қарауылы Тұргынбаев Қырықбай Пернебекұлы, кәсіпорын директорының орынбасары Құрманбай Үсен Кенжетайұлы, «Құрмет грамотасымен» кадр инспекторы Әбілқасова Роза Керімханқызы, кәсіпорын бригадирі Балабеков Бердияр Рзатайұлы, қарауылы Оспанов Сейсенбай Спатаевич, сушысы Жубатов Ербол Тауирович және «Алғыс хатымен» Қошқар-ата учаскесінің басшысы Каумешов Бауыржан Есенбайұлы, кассирі Жүнісова Ұлман Рахымбердіқызы, бригадирі Сексенбаев Ержан Қуанұлы, жүргізушісі Рүстембеков Абдимарат Мүтбекұлы, жүргізушісі Бөрібеков Ерлан Шакенұлы марапатталды.Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директоры Ешімов Асылхан бірқатар жұмыскерлерге кәсіпорынның «Алғыс хаттарын» табыстады.

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы