Полиция капитаны – Ақмарал Қожабаева тұрғындардың алғысын арқалап жүр

«Біздің полиция» жобасының кезекті кейіпкері – Қожабаева Ақмарал Жанұзаққызы. Қазіргі таңда Шымкент қаласы Абай аудандық полиция басқармасында учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады. Полиция капитаны. Ақмарал Жанұзаққызы 1990 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсіп, 2012 жылы аталған оқу орнын сәтті аяқтап шығады. Сол жылы Қызылорда қаласында еңбек жолын бастайды. 2014 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласы Абай АПБ-на ауысып, өз қызметін жалғастыруда. Қазіргі уақытта Шымкент қаласының 8-шағынауданында қаланың қауіпсіздігін күзетіп, өз қызметін жауапкершілікпен атқаруда. Өз аумағындағы жергілікті тұрғындардың мәселесін шешіп келеді. Халықтың алғысына бөленіп жүрген тәріп сақшысы. Басшылық тарапынан да көптеген алғыс хаттарға ие болып жүр. Полиция капитаны жұмыста көшбасшы ғана емес, аяулы жар, ардақты ана. Жұбайы екеуі бір қыз тәрбиелеп отырған, ынтымағы жарасқан бақытты жанұя. Қолы қалт еткенде, отбасына дәмді тағамдар пісіріп, қуантқанды жақсы көреді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Баспасөз қызметі