Ағымдағы жылдың 1 ақпанында Тараз қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қала аумағындағы қараусыз қалған ғимараттардың бірінен жасырылған атыс қарулары табылды.
— Арнайы жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысында «Калашников» маркалы бір автомат, «Streamer» маркалы 1 бірлік травматикалық тапанша, 1 дана оқжатар мен 1 жарық-шулы граната тәркіленді. Анықталған қару-жарақтарға қатысты сот-баллистикалық сараптама тағайындалды»- деп хабарлады Тараз қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асылхан Заурбеков.
Тараз қ. Полиция басқармасы қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
ЖО ПД баспасөз қызметі