Полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесу өткізді

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігінің ведомстволық білім беруді жаңғырту шеңберінде және жастар арасында Ішкі істер органдары қызметінің танымалдығын көтеру мақсатында Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы, Абай жалпы орта мектебінде 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Іс шараның мақсаты ІІО бөліністерін сапалы мамандармен толықтыру, Ішкі істер органдары қызметіне кандидаттарды қабылдау және жоғары оқу орнына түсу бойынша кәсіби бағдар беру жұмысын белсенді түрде жүргізу. Іс шараға Абай жалпы орта мектебі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Капаров Алмас Алибекович, кәсіби бағдар беруші Елшібаева Гаухар, Түлкібас АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Қ.Түймебаев, кезекші бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Е.Молдакулов және уақытша ұстау изоляторының бастығы полиия майоры Р.Бескемпір қатысты. Сондай ақ аталған іс шарада жастардың ІІО-на жұмысқа кіру және түсу үшін қандай құжаттар рәсімделу керек екенін, және жоғарғы оқу орнын бітірген азаматтарға конкурс жарияланған кезде конкурстан өту туралы бағыт бағдар берілді.

Түлкібас ауданының полиция бөліміні тәрбие және кадр жұмысы тобы.