Жамбыл облысында қар құрсауында қалған бақташылар аман-есен табылды

2023 жылдың 12 желтоқсаны күні сағат 00:24  шамасында Шу ауданы, Көкқайнар ауылынан 15 шақырым жерде шаруа қожалықтардың бiрiнен 2 малшысы адасып, жоғалып кеткені туралы хабар түсті.

Хабарлама бойынша тез арада полиция қызметкерлері, аудан әкімдiгi, ТЖД қызметкерлерi, жергілікті тұрғындар, арнайы жол техникасы көлігi жұмылдырылып, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Қалың қар басқан жолдар  «Грейдер» техникасымен аршылып, айналаны жiтi қарау шаралары ұйымдастырылды.

— Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде түнгі сағат 3.00 кезінде малшылар және қарауындағы малдары аман-есен табылды. Құтқарылған азаматтардың  жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді, — деді Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Дiнмұхамбет Қойтөриев.

Жамбыл облысының ПД