Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түсіндіру жұмыстары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бір бағыты мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау болып табылады.

Осы орайда, сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппараттты қалыптастыру бағытында, Департаменттің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Түсіндіру жұмыстары, қала тұрғындары мен қызмет алушыларға   рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламалары жайында салалық мекемелерге сұрақтарын қойып, консультативтік іс-шара форматында өткізілді.

Түсіндіру жұмыстарына Департаменттің өкілдері, Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті, Шымкент қаласы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының мамандары қатысты. 

Түсіндіру жұмыстарын өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелерді түсіндіріп қана қоймай, олардың ақпараттық жүйелерде практикалық қолданылуын терең жеткізу. Сондай ақ, халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастарды қалыптастыру болып табылады.