ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТЕДІ

 Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

 16 қыркүйек сағат 10:00-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби алаңы, №3/1 мекенжайында орналасқан «Shymkent Plaza» ойын-сауық кешенінің ғимаратында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтеді.

 Оқу-жаттығу барысында адамдар көп жиналатын нысандағы шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімшелері, нысан қызметкерлері мен қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы пысықталады.

 Осыған орай оқу-жаттығу барысында өрт сөндіру техникасы мен арнайы қызмет көліктерінің қозғалысына алаңдамауды, сабырлық сақтауды сұраймыз.

Источник: с сайта gov.kz