Шұғыл! Шұғыл! Шұғыл!

Құрметті Президенттік жастар кадр резервіне қатысушы үміткерлер!

Ағымдағы жылдың 2-қазан күні «Қабілеттерді тестілеу» кезеңі басталады.

Сіздерден негізгі тестті тапсыру кезінде техникалық қиындықтар болмас үшін ТЕСТІЛЕУДІҢ СЫНАҚ НҰСҚАСЫНАН АЛДЫН АЛА ӨТУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАЙМЫЗ!

Үміткер:

✔ өзі пайдаланатын компьютердің техникалық мүмкіндіктеріне;

✔ интернеттің жылдамдығына (секундына кемінде 5 мб болуы тиіс);

✔ жеке басын сәйкестендіру мүмкіндігі үшін жұмыс істейтін веб-камераның болуы мен отырған бөлмесінде жарық сапасының жақсы болуына;

✔ микрофон дыбысының жеткілікті деңгейде болуына және бөгде дыбыстардың/шулардың болмауына толықтай өзі жауапты.

ЕСКЕРТЕМІЗ❗️Браузердің (сайттың) терезесі жиырылған немесе жабылған жағдайда – «Тестілеу» кезеңі автоматты түрде аяқталады.

❌ Тестілеуден өту кезінде үміткерлерге отырған орнынан тұрып кетуге немесе біреумен келіссөз жүргізуге тыйым салынады.

Атап өтетін болсақ, 30-қыркүйек Президенттік жастар кадр резервіне тіркелудің соңғы күні болды.

Шымкент қаласынан 688 үміткер бағын сынайды. Баршаңызға сәттілік тілейміз❗

ҚР МҚІА Шымкент қаласы бойынша департаменті