Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді

      Түркістан облысында шала туған үшемнің өмірін дәрігерлер аман алып қалды деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы қарсаңында үш қыз босанған. Бүгінде мерзімінен ерте туылған нәрестелер №1 Облыстық перинаталдық орталығындағы дәрігерлердің бақылауында.

    «Үш қызымның рақатын көрейін енді. Үйімде тағы екі ұл мен екі қызым асыға күтуде. Мереке қарсаңында босанып отырмын. Осы орайда, ақ халатты әйелдер қауымын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Дәрігерлерге мың алғыс», — дейді ана. 

    Жаңа туған сәбилерге Жания, Рабия, Сания есімдері берілді.

Ақ халаттылардың біліктілігі мен күтімінің, тынымсыз еңбегінің арқасында шала туған шақалақтар аман қалып, аналары оларды бауырына баса алды. Себебі, жеті жарым айлық болып өмірге келген шақалақтардың өкпесі дұрыс дамымай, бәрі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

   Айта кетсек, жыл басынан бері орталықта 1571 бала дүние есігін ашқан. Олардың  38-і егіз болса, екеуі үшем.         

                                   

Накануне праздника в Туркестанской области родилась тройня 

В Туркестанской области врачи спасли жизнь недоношенной тройни передает пресс-служба акима Туркестанской области. 34-летняя жительница Сарыагашского района Лаура Турарбекова в преддверии Международного женского праздника — 8 Марта родила троих девочек. Недоношенные дети находятся под наблюдением врачей областного перинатального центра №1. 

«Я рада, что роды прошли благополучно. Дома с нетерпением меня ждут еще два сына и две дочки. Я родила на кануне праздника. В связи с этим, от всей души поздравляю женщин в белых халатах с праздником. Тысячи благодарностей врачам», — говорит многодетная мама. 

Новорожденным были даны имена Жания, Рабия, и Сания. Отметим, что  недоношенные малыши смогли выжить благодаря профессионализму и заботе врачей. Так как дети появились на свет раньше срока, у них неправильно были развиты легкие, их подключили к аппарату искусственного дыхания. На сегодня жизни малышей ничего не угрожает. 

Напомним,  с начала года в центре родились 1571 детей, из них 38 двоен и  две тройняшки. 



Be the first to comment on "Мереке қарсаңында үшем дүниеге келді"

Leave a comment

Your email address will not be published.


*