Алдағы сайлау елдігімізді көрсететін сәт

2022 жылдың 20 қараша күні елімізде үлкен саяси маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан талапқа сәйкес 6 үміткерді тіркеді. Қазіргі таңда үміткерлердің сенімді өкілдері айқындалып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы, алдағы Президент сайлауы – еліміздің болашағына әсер ететін болады. Сондықтан, осындай тарихи шақта ел тағдырына бейжай қарамай, саяси науқанға белсене қатысу – барлығымыздың азаматтық борышымыз деп білемін.

Дана халқымыз «Бірлікті ел бұзылмас» — деп айтқандай, айтулы сәтте барлығымыз жұмылып, сайлауға белсенді қатысып, еліміздің кемел болашағы үшін өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын.

Қайрат БАЛАБИЕВ,
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы