Алтын алқа, күміс алқа иелері марапатталды

Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған аналар қауымы барлық мадаққа лайық. Жұмақтың кілті аналардың табанының астында десек, аналарды құрметтеп, аялау — біздің борышымыз

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығына сәйкес, бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында 19 анаға Алтын алқа -6, Күміс алқа -13 тапсырылды.

Ұрпақ санын арттырып, демографияның өсуіне үлес қосқан аналарды аудан әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев марапаттап: «Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт пен қызметтеріңізге сәттілік тілеймін! Жүздеріңізден күлкі, көңілдеріңізден қуаныш кетпесін! Әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, отбасының аманшылығын, еліміздің өсіп өркендей беруін тілеймін. Өмірдегі әйел жаққан шырақ сөнбесін!»,- деген ізгі тілегін білдірді.