«Алтын күз» мерекесіне орай жәрмеңке өтті

үз қырман басы тазаланып, қамбамыз алтын асқа толып, бау-бақшамыз жиналатын кез. Алтын күз мерекесіне орай қаламызда ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті . Жәрмеңкеге қала әкімі Г. Құрманбекова, мәслихат хатшысы А.Байтанаев, қала әкімінің орынбасары С.Дәрібай және ауыл әкімдері қатысты.Қаламызға қарасты 6 ауылдық округтің дихандары жеткізген өнімдер нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен сатылды. Арыста биылғы жылы ірі қара мал саны 19 800 басқа көбейіп, уақ мал саны 41 900-ге артты, сүт өнімдері 1,2 есеге артып, жұмыртқа саны 8 млн дана өндіріліп, дәнді дақылдар 12 900 га егіліп, меже 1,3 есе артық орындалып, ет өнімдерін 1,3 есеге артып, бақша өнімдері жоспарға сәйкес орындалды.Қала тұрғындарының сұранысына орай ауыл округтегі шаруалар, кәсіпкерлер өз өнімдерін ет, құс еті, бал, жұмыртқа, бидай, жүгері, бақша өнімдері т.б дақылдар нарық бағасынан төмен сатылды.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі