Ардагерлерге құрмет ізеттіліктің белгісі

Ардагерлерге құрмет-ізеттіліктің белгісі. Бұл орайда ардегерге құрмет көрсету, жастарға тәлім-тәрбие беру мақсатында мамандандырылған жасақ қызметкерлерінің талай жыл өрт сөндіру саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан, сондай-ақ Ауған соғысының ардегері Роман Касимович Нуржануовпен кездесуі ұйымдастырылды.
Роман Касимович Нуржануов 1966 жылы 3 қараша айында дүниеге келген. Шымкент қаласының тумасы. 1985-1987 жылдар аралығында Кеңес одағы Ауғаныстан Республикасы Құндыз қаласында әскери борышын өтеген. Қызмет барысында өзіне жүктелген тапсырмаларды үздік орындап «За боевые заслуги», «за отвагу», төс белгілерімен, сонымен қатар «от блогадарного Авганского народа» орденімен марапатталған. 1990 жылы Шымкент қаласындағы Өрт сөндіру бөліміне Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі болып жұмысқа орналасты. Өрт сөндіру саласында да өзгеге үлгі бола білген Роман Касимович қызмет барысында көптеген ірі өрттерді сөндіруде аянбай еңбек етіп, 2011 жылы абыроймен зейнетке шыққан.
Кездесу барысында зейнеткеріміз өз ізбасарларына өзінің қызмет барысындағы тәжірибелері мен шытырман оқиғалары, жеткен жетістіктері туралы баяндады. Назардан тыс қалдырмай жеке құрамға ыстық ықыласын білдіріп, қызметтеріне табыс, еліміздің амандығын тілеп, ақ батасында берді.
Біз өз кезігімізде айбынды еліміздің осындай ардақты ер жүрек азаматтары көп бола берсін дегіміз келеді!

Н. Таукеев
Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ бастығы
азаматтық қорғау полковнигі