Арыста қоғамдық кеңестің жиыны өтті

Арыс қалалық Қоғамдық кеңестің Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, жиын өтті.

Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Асановтың төрағалығымен өткен жиынға, комиссия мүшелері Ж.Мухаев, С.Мұсабек, Ақдала ауылдық округінің әкімі Байекеев Тоқберген Тәліпханұлы мен Дермене ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Юсубеков Ержан және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: Атап айтсақ, Бекітілген кірістердің орындалуы, ауыл аймақты дамыту туралы, Ақдала ауылдық округінің әкімі Байекеев Тоқберген Тәліпханұлы мен Дермене ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Юсубеков Ержан баяндады.

Жиын барысында комиссия мүшелері тарапынан ауыл әкімдеріне ауыл аймақты дамыту бойынша сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.

Жиынды қорытындылай келе, Бюджет және ауыл аймақтардың дамуы жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Асанов жиынға қатысушыларға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.