Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады.  

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд. 62 млн. теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді.

Осылайша, прокуратураның қабылдаған шараларымен қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімі орындалды.