Аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы болды

Төлеби аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Онда 1 мәселе қаралды. 1. Төлеби аудандық мәслихаты 2022 жылғы 23 желтоқсандағы  2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы. Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы М.Ашрапов Төлеби аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №23/127-VII «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобаларының әрбір тармағын жекелеп таныстырып, хабарлама жасады. Хабарламадан соң қоғамдық кеңес мүшелері жергілікті бюджеттен үнемделген қаржылар туралы мәліметтерді және 2023-2025 жылдары даму, ағымдағы трансферттерін жан-жақты талқылады. Жиын соңында ұсынымдар тұжырымдалып, шешім қабылдады.