Ашық есік күні өтті

5 тамыз — Біріңғай Республикалық медиация күніне орай, «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова, кәсіби медиатор Баян Дауленбаева және Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бас маманы Ерлан Жандарбековтың қатысуымен «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жанындағы Татуласу орталығында Ашық есік күні өтіп, онда тұрғындарға кәсіби медиаторлардан тегін кеңес алу мүмкіндігі жасалды.

Бұл күні қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтардың уәждері тыңдалып, орын алған мәселелерінде қалай дұрыс қадам жасау керек, неден бастау керек екенін, қайтсе бейбіт жолмен бітімгершілікке келуге болатынын түсіндірілді.

Сондай-ақ, азаматтарға медиатордың басты міндеті өзінің бейтараптығымен – әділеттілікпен, дауласып жүгінген екі жақты татуластырып, бітістіріп, келісімге келтіріп, келісім-шартқа қол жеткізу екендігі туралы түсіндіріліп, отбасы-неке дауы, әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер, меншіктік, жер, жылжымайтын мүлікке қатысты дау және өзге де мәселелер бойынша кеңестер берілді .