Кәсіподақ төрағасы марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» атты республикалық байқауының нәтижелері белгілі болды. Аталған конкурсқа қатысып, өз бағын сынап көрген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Шымкент қалалық филилы құрамындағы №109 жалпы орта мектебі кәсіподақ ұйымының төрағасы Тахиржан Шадикулович Каримкулов жеңімпаз атанды.

Осыған орай бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ төрағасы Бауыржан Алтеев жеңімпазды арнайы I дәрежелі диплом және «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛ АДАМЫ» орденімен марапаттады. Бауыржан Алтеев Тахиржан Шадикуловичті жеңісімен құттықтап, алғысын білдірді. Алдағы уақытта да қаламыздың кәсіподақ мүшелері айтулы конкурстарда биіктерден көрінеді деп сенеміз!