«АCA DAMU» тағы бір корпустың құрылысын аяқтауға жақын

Инвестициялық жобалар туралы айта кетер болсақ, ауданда 2024 жылдары аралығында 8 жоба қолға алынып, оған 35 млрд теңге қаралған. Егер жұмыстар сәтті аяқталар болса, 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Жуырда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың аудандарға инвестиция бойынша жүктеген тапсырмаларының орындалуын назарға алған Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «АCA DAMU» ЖШС жұмыртқа өндіретін төртінші корпустың құрылыс жұмыстарымен танысты. 8,3 гектар алқапқа салынған корпустың шатыры жабылып, құрал-жабдықтар испаниялық «Зуками» компаниясынан жеткізіледі. Корпустың мүмкіншілігі туралы серіктестік директоры Үсен Құрманбеков: «Құрылысқа 200 млн теңге жұмсадық. Ай соңына дейін аяқталса, қосымша 82 мың құс әкелеміз. Осы уақытқа дейін мұнда тәулігіне 144 мың жұмыртқа жиналса, енді 216 мың жұмыртқа алынатын болады. Жобамен бір күнде тауықтың күтіп-баптауына 40 тонна жем-шөп кетеді. 3 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады, – деді. Қорпустың жұмысын аралап көрген Сәкен Қаланұлы әкімдік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін, есік әрдайым ашық екенін жеткізді. Жалпы серіктестікке «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 250 млн тенге несие берілген. Пайдаланылатын судың сапасы нашарлауынан фабрика тарапынан су ұңғымасын орнатуға ұсыныс түсіп, бағдарлама аясында тиімді әдістер басшылыққа жолданды. Бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы мәлімдеді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі