Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов Астана күнімен құттықтады

Құрметті қала тұрғындары!
Қадірменді жерлестер!

Баршаңызды елдігімізді паш ететін тамаша мерекелердің бірі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – еліміздің мақтанышы, мерейі, мәртебесі. Бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы. Бүгінгі заманның талабына сай сәні мен салтанаты келіскен Астана жарқын болашақтың, кемелді келешектің кепілі іспеттес.

Отанымыздың жүрегі – Елордамыз Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – еліміздің зор қуаты.

Алдағы уақытта да Астана қайталанбас келбетімен, ұшқыр жаңашылдығымен елдің көшін түзей беретініне сенім мол.
Елорданың мерекесі әрбір азаматтың жүрегіне қуаныш ұялатып, ертеңге деген сенімді шындай түсуде.

Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін. Сүйікті Елордамыз Астана көркейе берсін!

Мереке құтты болсын!