Балалар ауруханасында білікті хирургтар шеберлік дәрістерін өткізді

Еліміздегі балалар хирургиясының негізін қалаушы, академик Камал Сәруарұлы Ормантаевтың 85 жылдығына арналған II-балалар хирургтарының форумы өтті. Шымкент қаласында өткен халықаралық шараға Турция, Өзбекстан, Тәджікістан, Орта Азия еліндегі балалар хирургиясы қоғамдастығының төрағасы қатысты. Форумның алғашқы күнінде білікті мамандар педиатриялық қызмет турасында түрлі тақырыпта баяндамалар оқыды. Ал форумның екінші күнінде қалалық клиникалық балалар ауруханасында травматологиялық, нейрохирургиялық оталары бойынша шеберлік дәрістері өткізілді. Еліміздің барлық түкпірнен жиналған балалар хирургтары шеберлік сабақтарында тәжірибе алмасып, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алды. Форум аясында дәрігерлер «сколиоз» диагнозы қойлыған 12 жастағы балаға травматолгиялық операция жасады. Ота кезінде дәрігерлер науқас баланың қисайған омыртқасын хирургиялық жолмен түзеп берді. Үлкен көлемде жасалған операция сәтті өтті дейді мамандар. Сондай-ақ Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында дәрігерлер жаңа туған сәбиге күрделі ота жасады. Операция жасалған кішкентай пациент перинаталдық орталықтан ауруханаға ауыстырылған. Науқас баланың өңеші бітеліп туылған. Операция бірнеше кезеңде өтетін болғандықтан, тумасынан ауыр дертке шалдыққан шақалаққа алдағы уақытта тағы ота жасалады деп күтілуде. Ал нейрохирургиялық ота кезінде еліміздің бас балалар нейрохирургі Өленбай Ғабиттің жетекшілігімен 15 жастағы қыз баласының бас сүйегіне күрделі ота жасалды. Мұндай краниопластика операциясы бұрын соңды қалалық клиникалық балалар ауруханасында жасалмаған. “Шеберлік сабағы аясында эндовидеохирургия, лапароскопия, торакоскопия әдісімен оталар жасалды. Бұл операцияның тіліксіз жасалғандықтан, науқастың сауығып кетуіне зор мүмкіндік береді»-дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ержан Байдуллаев.

Шымкент қаласының денсаулық басқармасы