Қауіпті инфекцияға қарсы жасөспірімдерді вакцинациялау жалғасуда

Шымкентте қауіпті инфекцияға қарсы жасөспірімдерді вакцинациялау жалғасуда. Бүгін №2 емхана мамандары Х. Досмұхамедов атындағы №4 орта мектебінде және индустриалды-техникалық колледжінде ата-анасы келісім берген жасөспірімдерге «Pfizer» вакцинасын салып берді. Екпеден алдын жасөспірімдер медициналық тексеруден өтті. Тексеру кезінде мамандар вакцинадан болатын реакциялар және екпеден кейінгі күтіну жолдары туралы толық түсіндіріп берді. Вакцинация санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес мектептің медициналық пунктінде жүргізіледі. Шымкент қаласы бойынша мектептерде 150-ден аса егу бекеті бар. Білім мекемелерінде вакцинациялау жұмыстары жасөспірімдерге ата-аналарының ақпараттандырылған жазбаша түрінде берілген рұқсатымен жүргізіледі. Айта кетейіа, қала бойынша 15 қарашадан бері Пфайзар компаниясының «Комирнати» вакцинасымен 2703 адам егілді, оның ішінде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер 2036, 16-37 апталық жүкті әйелдер 283 және босанғаннан кейінгі 42 күннен кейін лактация кезіндегі әйелдер 384. Бүгінгі күнге вакцинадан кейін денсаулығына шағымданғандар, вакцинадан кейінгі асқынулар тіркелмеген.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы