Бала құқығы – адам құқығы

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты А.Байтұрсынов атындағы N50 мектеп гимназияда «Бала құқығы – адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» — Республикалық онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс – шара жоспарына сай, оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, адам өміріне зиян келтіретін үшкір, өткір заттарды алып жүрудің алдын алу мақсатында «Абай бол» атты профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шара ДТІЖО У.Жамбулова, мектеп инспекторы Е.Сабиралиев, «Мектеп парламенті өзін-өзі басқару ұйымының «Құқық және тәртіп фракция» мүшелерінің ұйымдастыруымен мектепішілік рейд жүргізілді.

Іс – шара жоспарына сай, оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру, адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту,

Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу мақсатында қазақ тілі әдістеме бірлестігінің ұйымдастыруымен 7-11 сынып оқушылары арасында «Құқығым бар» тақырыбында эссе жазу жұмыстары жүргізілді.

Осы «Бала құқығы – адам құқығы», «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» — Республикалық онкүндікті ұйымдастыру бойынша іс – шара жоспарына сай көркем еңбек пәні мұғалімі Н.Сламбекова 5-6-сыныптары арасында «Әр баланың құқығы бар» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар өздерінің құқық туралы білімдерін сурет салу арқылы жеткізді.

Сондай ақ республикалық онкүндігі аясында мектеп мөлтекауданына қарасты ойынханаларға мектеп инспекторы және мобильдік топ мүшелерімен бірлескен түнгі рейд жүргізілді. Рейд барысында ешқандай оқушылар және құқықбұзушылық анықталған жоқ.

«Бала құқығы-адам құқығы» атты Республикалық онкүндігі аясында оқушылардың адам құқығы оның ішінде адам құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында әлеуметтік педагог А.Тазабекова мен 5г сынып жетекшісі А.Исмайлова бірлесе «Құқықтық сабақтары-өмір сабақтары» атты тренинг сабақ ұйымдастырып өткізді. Тренинг Б.Момышұлы «Азамат-жолы ар жолы» деп айтқандай, ешкімнің ала жібін аттамау, өз құқығын білу, өзгенің құқығын бұзбау, қылмыс жасамау, білім мен тәрбие берген ұстаздарға жаман сөз келтірмеу, ата — ананы және досты құрметтеу төңірегінде өрбіді.