Басқарма басшысы тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен Ерлан Күзембаев Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды. Жаңа басшыны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев таныстырды.

Күзембаев Ерлан Бақытжанұлы 1984 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Жамбыл гуманитарлық техникалық университеттерін бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы «Казпромгеофизика» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының инженер геофизигі болып бастаған. 2012-2015 жылдары аралығында «Оңалту сауықтыру кешені» Ақсу-Жабағылы ЖШС-нің маркетинг бойынша директор орынбасары, «Кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталығы» ЖШС-нің Түлкібас ауданындағы өкілдігінің бас менеджері, Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы болды.

2016-2018 жылдары Түлкібас ауданы Балықты ауылдық округі әкімінің орынбасары, Түлкібас ауданы Састөбе ауылының әкімі болған.

2018-2022 жылдары аралығында Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамыр айынан бері Түркістан қаласы әкімінің орынбасары лауазымын абыроймен атқарған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі