Түркістанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 200 мың түп гүл отырғызылып жатыр

Таза Қазақстан

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» акция аясында көктемгі уақытта 200 мың түп гүл, 104 мың дана түрлі көшеттер отырғызылып жатыр. Сондай-ақ, облыс орталығында тазалау жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған. Республикалық-экологиялық акция облыс аумағында 1 ай бойы жалғасады.

Сонымен қатар, шаһар аумағында былтыр көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Сондай-ақ, күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілді. Бұдан бөлек, мердігерлер тарапынан 34 000 дана көшет отырғызылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі