Бейнебақылау камераларының көмегімен бұзақыны ұстады

Бұзақылықтың қоғамдық тәртіпке, азаматтардың тыныштығына зардабын тигізетін қайсы бір жағдайларда одан гөрі ауыр қылмысқа итермелейтін қауіпті құқық бұзушылық, екеніне дау жоқ. Сонымен қатар бұзақылық, көбінесе өзге де ауыр кылмыстардың жасалуына әкеп соқтырады. Қылмыстық кодекстің 293-бабында көрсетілген әрекеттерді істеу барысында азаматтардың мазасы кетіп, қорқыныш, үрей, өздерінің қауіпсіздігіне сенімсіздік пайда болады, олардың бірқалыпты еңбек ету, тынығу салттары бұзылады, мемлекеттік немесе басқадай мекемелердің, үйымдардың, кәсіпорындардың жұмысына кедергілер келтіріледі, бөтеннің мүлкі жойылады немесе бүлінеді.                                       

Осы тұста Түркістан қаласының тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын бірден оқиға орнына бағыттап, жедел әрекет жасаудың нәтижесінде бұзақыны ұстады.

Нақтырақ айтсақ, кешкі уақытта Түркістан қалалық ПБ Жедел басқару орталығының 102 пультіне қонақ үйлердің бірінің жанында төбелес болып жатқаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен жедел басқару орталығының операторлары дер кезінде шаралар қабылдап, жақын маңдағы камераларды оқиға болған қонақ үйдің аумағына бағыттады.

Содан соң екінші тараптан сақшылар арнайы экипажды жұмсап, жедел ақпарат беріп отырды. Оқиға орнына 2 минутта жеткен сақшылар бір топ жастардың жанжалдасқанын, сондай-ақ дене жарақаты бар жәбірленуші жігіт пен жасырынуға тырысқан күдіктіні ұстады.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға «жедел жәрдем» шақырып, дәрігерлер медициналық көмек көрсетті. Аталған жайт ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Толық мән-жайды анықтау үшін күдікті ретінде анықталған Кентау қаласының тұрғыны полиция басқармасына жеткізілді.                 Бұзақылық аса ауыр қылмыстардың бірі. Бұзақылық — әлеуметтік ортаға нұқсан келтіретін өрескел қылық. Ол азаматтарға зорлық көрсету, қорқытып-үркіту, сол сияқты өзгенің мүлкін жойып жіберу не бүлдіру, не аса қатыгездікпен бейбастақ әрекеттер жасау арқылы әлеумттік ортаны сыйламаушылықтың көрінісі болып саналады. Арнаулы заңдарда Бұзақылықтың түріне және қауіптілік дәрежесіне қарай жаза тағайындау көзделген. Оның өрескел және аса өрескел түрлері болады. Бұзақылықғы үшін азаматтар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.