Белсенді ұзақ өмір орталығында 700-ге жуық зейнеткер қызмет алуда

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Белсенді ұзақ өмір орталығында» болып, зейнеткерлермен кездесті.

Шаһардағы жанға жайлылық сайлайтын орталықта зейнеткер қариялар бос уақыттарын тиімді өтікізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Зейнеткерлерге медициналық қызмет көрсетіледі.

Орталықта өткен жылы 12 мыңға жуық зейнеткер қызмет алған.

Жыл басынан бері мұнда 690 ардагер уақытын тиімді өткізіп жатыр. Мамандар зейнеткерлерге 4 сағатқа дейін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіп, медициналық, кәсіптік оңалту шараларын жүргізеді.

Қала әкімі орталық жұмысын бақылап, қариялардың жағдайымен танысты. Мегаполистің даму барысын, алдағы ауқымды жоспарларды баяндап, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сала басшысына егде азаматтарға оңтайлы жағдай жасауда, орталық қызметтерін жақсартуда нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда Нұрсәт шағын ауданында №107 үй ғимаратының 478 шаршы метрді құрайтын алаңы мекеменің меншігіне берілді. Алдағы уақытта ғимарат заманауи үлгіде жабдықталатын болады.