Бозарықта жаңадан бой көтерген 49 тұрғын үйге инфрақұрылым желілері тартылуда

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран-2 шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған соң, келесі локация Бозарық елдімекеніне бірқатар шолу жасады. Шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды.
-График бекітілген, талап бар! Әкімдік тарапынан уақытылы қаражат жіберу жағы шешілген. Тек өздеріңіз қол қойған кестеге сай жұмыс істеу керек! – деген қала әкімі басқарма басшыларына тұрғындарды баспанамен қамту мақсатындағы жұмыстарды сапалы, әрі жұмыс кестесіне сәйкес аяқтауды тапсырды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі