Бірлесе жұмыс істеу жайы талқыланды

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен кәсіподақ ұйымы құрылған мекемелерде медиацияны дамыту және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы дауды шешудің басқа да баламалы әдістерін реттеу, еңбек дауларының алдын алу мәселелерін талқылау мақсатында кезекті отырыс өтті. Оған «ЕуроАзиялық медиация орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры Лаура Ақшегірова, «Заң клиникасының» маманы, кәсіби медиатор Салтанат Абдукаримова мен кәсіподақ активі қатысты.

Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық шеңберінде кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету мақсатында сотта, сотқа дейінгі және соттан тыс жанжалдарды реттеуде, соның ішінде медиацияны дамыту және дауды (жанжалдарды) шешудің басқа да баламалы әдістерін дамытуды іске асыру жөніндегі мәселелерді қозғады.

Жиын соңында тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайтуға және оның тимділігін арттыра отырып, еңбек заңнамасының аясында еңбек дауларының алдын-алу мақсатында бірлескен шаралар қабылдауға келісті.