Бірінші мұз қысқы балық аулауды ұнататындар үшін қауіпті

Қыстың басталуымен балық аулаудың әдеттегі әдістері келесі жазғы маусымның басына дейін қалдырылады. Өзендер әлі қатып үлгермегенімен, осы қысқы хоббидің көптеген жанкүйерлері мұзға тезірек жету үшін қажет нәрсенің бәрін дайындап жатыр. Бұл ұмтылыс үлкен қауіп-қатерге толы және барлық жабдықтармен бірге суық суға түсу қаупі бар.Температураның өзгеруі және тұрақсыз климаттық жағдай қысқы балық аулауды ұнататындар үшін қолайлы жағдай туғызбайды. Асығыс әрекеттер мен қауіпсіздік ережелерін бұзу демалушылар үшін мүліктің жоғалуына және денсаулыққа ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.Абай ауданының ТЖ басқармасының қызметкерлері Игілік және Көкбұлақ тұрғын алаптарының тұрғындарын қауіпті және асығыс қадамнан сақтандырады. Суайдынның бетінде пайда болған алғашқы мұз өте әлсіз және сенімсіз, сондықтан ересек адамның салмағына төтеп беру үшін жеткілікті уақыт қажет. Инспекторлар өздеріне және жақын адамдарына қауіп төндірмеу үшін жоспарларын кейінге қалдыруға кеңес береді. Күнделікті профилактикалық рейдтер барысында ТЖ қызметкерлері бұл маңызды ақпаратты қала тұрғындарына жеткізеді. Осы және басқа да маңызды қауіпсіздік ережелерін бекіту үшін іс-шараның барлық қатысушыларына барлық қажетті ақпарат қолжетімді және түсінікті тілде жазылған арнайы жадынамалар беріледі:- судағы қауіпсіздік пен жүріс-тұрыс ережелерін сақтаңыз, климаттық жағдайдың өзгеруін мұқият қадағалаңыз;- табиғатқа жинала отырып, өзіңізбен бірге ең қажетті заттар мен құралдарды (құтқару кеудешесі, өз орныңыз туралы хабарлау құралдары, компас, қол шам, алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишасын)алыңыз;- туған-туыстарыңызға және жақын достарыңызға демалыс орны туралы хабарлаңыз, олармен үнемі байланыста болыңыз;- мұз пайда болған кезде оған шықпаңыз, бірінші мұз өте әлсіз және ересек адамның салмағынан бірден жарыла бастайды.Суда оқиға туындаған жағдайда дереу «112» немесе «101»телефон нөміріне хабарлаңыз.

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы