Бірінші орынға — 500 мың теңге

ҚАЗАҚИЯМ – АЗАТ ҰЯМ

Үшінші мегаполисте 5-20 наурыз аралығында қала әкімінің қолдауымен Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы мен Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент қалалық филиалы Шымкент «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» жалпыұлттық жобасы аясында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Қазақиям – азат ұям» деген тақырыпта жыр мүшәйрасын өткізеді деп хабарлайды Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы.

Жыр мүшәйрасын өткізудегі негізгі мақсат — қаламгерлердің руханияттың маңызды саласы – ұлттық әдебиетіміздің дамуына атсалысып, үлестерін қосуына ықпал ету. Сонымен бірге аймақ ақындарының еркін елдің жарқын көріністерін, кемел келешегін, олардың егемендігіміздің қуаты мен құндылықтарын жыр құдіретімен паш етуіне ынталылығын, шығармашылық белсенділігін арттыру, шеберлігін шыңдай түсу. I. Мүшәйра өткізу тәртібі: – Мүшәйра іріктеу және қорытынды кезеңдер бойынша ұйымдастырылады;– Іріктеу кезеңі 20 наурызға дейін, қорытынды кезең 21-22 наурызда өткізіледі;– Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 23 наурызда Ш.Қалдаяқов атындағы филормонияда болады. II. Шарттары:– Үміткерлер тәуелсіздік тақырыбына бір өлең және еркін тақырыпқа бір жыр ұсынуы тиіс.Бірақ ұсынылған шығармаларын бағалау кезінде басты назар тәуелсіздік тақырыбына жазылған өлеңге аударылады.– Мүшәйра үміткерлерінің жасына шек қойылмайды.– Жыр бәйгесіне тек Шымкент қаласында тұрақты (тұратын) тіркелген үміткерлер қатысады.– Әр өлең 100 жолдан, 3 беттен аспауы қажет.– Туындылар электронды нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльде (шрифт), жол арасы 1 интервал, Timts New Roman қаріптерімен жіберілуі керек.– Мүшайраға 2019-2021 жылдары жинақтарда, мерзімді басылымдарда, сайттарда, порталдарда, әлеуметтік желілерде тәуелсіздік тақырыбында жарияланған және жаңа жазылған шығармалар қабылданады. Басқа жыр бәйгелеріне ұсынылған және талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.– Мүшәйраға қабылданған өлеңдерге пікір білдірілмейді.– Қазылар алқасының мүшелері мүшәйраға үміткер бола алмайды.III.Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:– Ұсынылған шығармалар тақырыбының мүшәйра мақсатына сәйкестігіне;– Шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;– Туындының көркемдік сапасына;– Автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне басты назар аударылады.IY.Мүшәйраның жүлде қоры:– 1 орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге.– 2 орын (біреу) – 300 000 (үш жүз мың) теңге.– 3 орын (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге.– Ынталандыру (үшеу) – 100 000 (жүз мың) теңге. – Мүшәйраның жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.Мүшәйраға қатысуға ниет еткен үміткерлердің естеріне сала кететін жәйт, жыр бәйгесі жарияланған күннен бастап, 20 наурызға дейін өлеңдерін, өздерінің аты-жөнін, жұмыс немесе оқу орнын, байланыс телефондарын көрсете отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса мүшайраны ұйымдастырушының мына электронды почтасына жіберулері керек zhienis1953@mail.ru. Анықтама телефоны: 8-701-657-57-61.